Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Исраилдіктер Маған арнап киелі шатыр дайындап жасасын. Мен халық арасында сол жерде тұратын боламын. Қайратты да батыл болыңдар, жауларыңнан еш үрейленіп қорықпаңдар! Себебі Құдайларың Жаратқан Ие сендермен бірге жүріп жар болады. Ол сендерді ешқашан тастап та кетпейді, жалғыз да қалдырмайды. Жаратқан Иенің Өзі алдыңда жүріп саған жар болады. Ол сені ешқашан тастап та кетпейді, жалғыз да қалдырмайды. Еш нәрседен уайымдап, қорқушы болма!» Тірі кезіңде ешкім саған қарсы тұра алмайтын болады. Мен Мұсамен бірге жүріп, оған қалай жар болған болсам, саған да солай жар боламын: Мен сені ешқашан тастап та кетпеймін, жалғыз да қалдырмаймын. Ол былай деді: Пендем, бұл орын — Менің «тағым» тұратын жер және «табан тіренішім». Мен осы орында исраилдіктердің арасында әрқашан боламын. Не Исраил халқының өзі, не олардың патшалары Менің киелі есімімді енді қайтып арамдамайтын болады. Олар биіктеу жерлеріндегі жалған тәңір мүсіндеріне және дүние салған патшаларының ескерткіш бағаналарына бұдан былай табынбайды. Көктегі тақтан былай деген зор дауысты естідім: «Қараңдар, Құдайдың адамдар арасындағы тұрағы! Ол солармен бірге тұрып, олар Оның халқы болмақ. Осылай Құдайдың Өзі солармен бірге мекендеп, олардың Құдайы болады!
Выбор основного перевода