Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Яһудалықтар шөл даладағы бақылау мұнарасына жетіп, жау тобырына көз тастағанда, олардың бәрінің жерде сұлап жатқан денелерін көрді. Бірде-біреуі қашып құтылмапты. Ол он мың адамды кезекпен бір айға жіберіп отырды, осылайша олар бір ай Ливанда жұмыс істеп, екі ай үйлерінде жүрді. Бұл жұмысты басқару Адонирамға жүктелді. Сонда ол (патшалықтың біртұтастығын қалпына келтіру мақсатымен) міндетті жұмыстарды басқарушы Адонирамды халыққа жіберді. Бірақ (Солтүстік) Исраилдің барлық өкілдері оны таспен атқылап өлтірді. Ал Рохабоғам патшаның өзі күймесіне секіріп мініп, Иерусалимге қашып құтылды.
Выбор основного перевода