Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сол кезде Жаратқан Ие Ыбыраммен Келісім жасап:— Мен сенің үрім-бұтағыңа Мысырдың шетіндегі өзеннен бастап үлкен өзен — Евфратқа дейін жайылған осы елді беремін. Қамысты теңізден бастап, філістірлер жағалай мекендеген Жерорта теңізіне дейін, Негев даласынан Евфрат өзеніне дейін шекараларыңды орнатамын. Сол жердің тұрғындарының билігін саған беремін, оларды қуып шығатын боласың. (оңтүстіктегі) иен даладан Ливанға дейін, (шығыстағы) үлкен Евфрат өзенінен бүкіл хеттіктер аймағына және батыстағы ұлы теңізге дейінгі аралық сендердің елдеріңнің шегі болмақ. Сүлеймен солтүстіктегі Евфрат өзенінен бастап, філістір еліне және Мысырдың шекарасына дейінгі барлық патшаларды өзіне қаратты. Уа, Құдай, күш-қуатыңды жинашы,Бұрын көрсеткен құдіретіңді танытшы, Ол билік құрады теңізден теңізге дейін,Евфрат өзенінен жердің шетіне дейін, Тарсис пен аралдардың патшаларыПатшаңа алым-салық төлеп тұрады,Әрі Себа мен Сәбаның патшаларыСый-тартулар әкеліп отырады. Күллі патшалар оған бас иеді,Күллі ұлттар оған қызмет етеді.
Выбор основного перевода