Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Бірақ Сихон Исраилге өз жері арқылы жүріп өтуге рұқсат бермей, бүкіл жасағын жинап, Исраилге қарсы елсіз далаға аттанды. Яхас деген жерге жетіп, исраилдіктермен шайқасты. Исраилдіктер Сихонның жасағын семсердің жүзімен қырып-жойып, Арнон өзенінен Ябок өзеніне дейінгі аралықтағы оның жерін иемденіп алды. (Ябоктың арғы жағындағы) аммондықтардың шекарасы бекіністі болғандықтан, олар тек соған дейін барды. Осылай Иорданның шығыс жағындағы аморлықтардың екі патшасынан да жерлерін тартып алдық. Сол өлке Арнон аңғарынан бастап, Хермон тауына дейін созылған еді. Сидондықтар Хермон тауын Сирион тауы деп, ал аморлықтар оны Сенір тауы деп атайды. Сонымен жонды даладағы барлық қалаларды, әрі бүкіл Ғилақад пен Башан аймақтарын Ог патшалық құрған Салха мен Едірей қалаларына дейін басып алдық.
Выбор основного перевода