Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сонымен алдыңыздағы күңіңіз іштей: «Патша ием Құдайдың періштесі сияқты, жақсы мен жаманды дұрыс ажырата алатындықтан, патша иемнің сөздері жаныма тыныштық әкелсін!» деп ойлады. Лайым Құдайыңыз Жаратқан Ие сізге жар бола берсін! (Сүлейменнің жыры.)Уа, Құдай, патшаңа әділ шешімдер сыйлай гөр,Патшаның ұлына да әділдікті үйрете гөр, Ол халқыңа әділетпен билік құрсын,Жарлыларыңа әділ үкім шығарсын. Егер де білім мен парасатты шақырсаң, Көмілген күміс пен қазынадай іздесең, Сонда Жаратқан Иені қастерлеуді ұғарсың,Құдай жайлы білімді иемденіп аларсың. Себебі Жаратушы даналық сыйлар,Білім мен түсінік Оның аузынан шығар, Әділдерге Ол парасатты сақтап, ұсынар,Кінәратсыз жүргендерді қалқандай қорғар. Ақиқат жолын Тәңір Ие назарында ұстар,Өзіне бағышталғанның жолын аман сақтар. Осылай әділ, тура, ақ дегеннің мәнін ұғарсың,Ізгі жолдың қайсы екенін таба аларсың. Ал егер кейбіреулерің даналыққа мұқтаж болсаңдар, Құдайдан сұраңдар, Ол береді. Тәңір Иеміз еш жазғырмай-ақ бәріне жомарттықпен бере салады.
Выбор основного перевода