Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Дәуіт діни қызметкер Садықты және оның қызметтес ағайындарын Жаратқан Иенің Гибеон қаласының биіктеу жерінде орнатылған киелі шатырындағы міндеттеріне бекітіп, сонда қалдырып кетті. Исраил халқы иен даланы кезіп жүрген ежелгі кезде Мұса пайғамбар Жаратқан Иеге арнап кездесу шатырын және құрбандық үстелін жасатқан болатын. Енді сол шатыр мен құрбандық үстелі Гибеон қаласының биіктеу жерінде орнатылған еді. Мұнан соң Сүлеймен бүкіл жамағатты ертіп Гибеон қаласының биіктеу жеріндегі ғибадат орнына қарай беттеді. Өйткені Жаратқан Иенің қызметшісі Мұса пайғамбардың иен далада жасатқан кездесу шатыры сол жерде тігілген болатын. Сүлеймен кездесу шатырының алдындағы қоладан жасалған құрбандық үстелінің қасына көтеріліп, Жаратқан Иеге арнап мың бас малды құрбандыққа шалғызып, өртетті. Сүлеймен кездесу шатыры орналасқан Гибеондағы биіктеу жерінен түсіп, Иерусалимге қайта оралғаннан кейін Исраилге патшалық құрды.
Выбор основного перевода