Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Құдай Сүлейменге орасан зор даналық пен түсінік дарытып, теңіз жағалауындағы құм қиыршықтарындай мол білім сыйлады. Сүлейменнің даналығы шығыс елдері мен Мысыр елінің кемеңгерлерінің ақыл-парасатынан да асып түсті. Ол барлық басқа адамдардан да өткен дана болды. Оның ақылы езрахтық Етаннан, Мақолдың ұлдары Хеман, Халқол, Дардалардан да асты. Осылайша Сүлейменнің атақ-даңқы айналадағы барлық елдердің халықтарына тарады. Жаратқан Ие Өзі уәде еткендей Сүлейменге асқан даналық сыйлаған болатын. Сүлеймен мен Хирамның арасында бейбіт қарым-қатынас орнап, екеуі өзара келісім жасасты. Осылайша Сүлеймен патша жер бетіндегі күллі патшалардан байлығымен де, даналығымен де асып түсті. Жердің барлық адамдары Сүлейменмен жүздесіп, оның Құдай сыйлаған даналығын тыңдауға құштар болды. Мен іштей: «Өзімнен бұрын Иерусалимге билік жүргізгендерге қарағанда мен ұлырақ болып, даналықты молайттым. Ақыл-парасат пен білімді молынан үйреніп алдым», — деп ойлайтынмын. Біз Оның еркіне сай бір нәрсе сұрасақ, Құдай тілегімізге құлақ салады деп нық сенеміз. Не сұрасақ та, Құдай бізге құлақ салады деп білсек, Оның тілегенімізді беретінін де білеміз.
Выбор основного перевода