Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Дәуіт Жоғаб пен оның қасындағы барлық адамдарға бұйрық беріп:— Көйлектеріңнің өңірін айыра жыртып, азалы киім киіп, Әбенирді жоқтаңдар! — деді. Оның мәйіті қабірге апарылғанда, Дәуіт патшаның өзі соңынан жүрді. Дәуіт нәресте үшін Құдайға жалбарынумен болды; ораза тұтып, өз бөлмесіне кіріп, жерге жатып түнеп жүрді. Патша әйелдің осы сөздерін естігенде қатты налып, көйлегін айыра жыртты. Ол бұдан әрі қамал қабырғасымен кетіп бара жатқанда, халық оның көйлегінің ішінен жалаңаш тәнінде қылдан тоқылған азалы киім киіп жүргенін көрді. Ниневидің патшасы бұл туралы естігенде, ол да (күнәсіне опық жеп) тағынан түсіп, патшалық шапанын шешіп тастады да, азалы киім жамылып, күлге отырды.
Выбор основного перевода