Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сонымен Құдайды қорлама! Халқыңның басшысына балағат сөз айтпа! Исраил халқына тағы мынаны айт: Құдайын қарғаған әркімнің күнәсі өз мойнында. Жаратқан Иенің есімін балағаттаған әркім өлтірілсін! Исраилдің бүкіл қауымы оны таспен атқылап өлтіруге тиіс. Егер жат жұрттық не исраилдік болып туған біреу Менің есімімді балағаттаса, соны өлтіру керек. Егер біреу қылмыс не күнә жасапты деп айыпталса, оған үкім шығаруға бір ғана адамның куәлігі жеткіліксіз. Әрбір іс ең кем дегенде екі не үш куәгердің айтқандарымен дәлелденуі керек. Шимей қарғыс жаудырып былай деді:— Кет, шық елден! Әй, қанішер, жексұрын! Сонда олар кейбір адамдарды жасырын көндіріп, оған былай деп жала жапқызды: «Біз оның Мұса пайғамбарға және Құдайдың Өзіне тіл тигізіп қорлық сөз айтқанын естідік!» — Пауыл былай деп жауап берді:— Бауырластар, оның бас діни қызметкер екенін білмедім! «Халқыңның басшысына балағат сөз айтпа!» деп (Тауратта) жазылған ғой.
Выбор основного перевода