Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Иттер Езабелдің мәйітін Ізрелдің жерінде жалмап жеп қоятын болады. Осылай оның мәйіті қабірге қойылмайды!Елішенің жіберген адамы мұны айтып болған соң есікті ашып, сол жерден жүгіріп кетіп қалды. Бұдан кейін Еху Ізрел қаласына барды. Езабел бұл туралы естіп, көздерін бояп, шашын сәндеп түйіп алып, терезеден сыртқа қарады. Еху қақпадан кіргенде, Езабел оған дауыстап: «Ниетің бейбіт пе? Әй, Зімри іспетті өз қожайынын өлтіруші!» — деді. Еху терезеге қарай жоғары қарап айқайлап: «Менің жағымда кім бар? Қайсыларың? — дегенде, терезеден екі-үш сарай қызметкері көрінді. Еху оларға: — Ана әйелді төменге лақтырыңдар!» — деп әмір етті. Олар Езабелді терезеден жерге лақтырып жіберді. Сонда оның қаны қабырға мен аттарға шашырап, сол аттар оның денесін таптап тастады. Бұдан кейін Еху сарайға кіріп, ішіп-жеді. Содан жасақшыларына: «Енді ана қарғыс атқан әйелдің мәйітін алып, қабірге қойыңдар! Ол патшаның қызы ғой!» — деп тапсырды. Жасақшылар мәйітті қабірге қою үшін барды. Ал олардың бар тапқандары тек оның бас сүйегі әрі аяқ-қолдарының бастары ғана болды. Олар қайтып келіп, Ехуге жағдайды мәлімдегенде ол былай деді: «Осылай Жаратқан Иенің Өзінің қызметшісі тішбелік Ілияс арқылы айтқан мына сөзі орындалды: Ізрелдің маңында иттер Езабелдің тәнін жалмайды! Иә, Езабелдің мәйіті Ізрелдің жерінде даладағы қи сияқты шашылып қалады. Осылайша ешкім де: «Мынау — Езабел» деп айта алмайтын болады!»
Выбор основного перевода