Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Һарон сырғаларды қолдарынан қабыл алып, балқытып, құралмен қағып, жас бұқа мүсінін жасады. Сонда халық:— Әй, Исраил, сені Мысыр елінен бастап алып шыққан тәңірің — осы! — десті. Олар Мен өздеріне өсиет еткен жолдан лезде тайып шығып, алтыннан құйылған жас бұқа мүсінін жасап алды. Соған иіліп құлшылық етіп, құрбандық шалып, «Әй, Исраил, сені Мысыр елінен бастап алып шыққан тәңірің — осы!» десті. Ал сенің зұлымдығың өзіңнен бұрын өткендердің қай-қайсысынан да басым болды. Сен өзіңе жалған тәңірлер таңдап, жас бұқа мүсіндерін жасатып алдың. Осындай істеріңмен Менің қаһарымды туғыздың. Сен Менен мүлдем бас тартып кеттің. Әйтсе де Еху Набат ұлы Еробоғамның Исраил халқын азғырған күнәларынан бас тартпай, Бетел мен Данда орнатылған алтын жас бұқа мүсіндеріне табына берді. Содан исраилдіктер бұрын сиынған Құдайлары Жаратқан Иенің барлық өсиеттерінен безіп, жас бұқаның екі мүсінін құйып алып, Ашераға арналған ағаш бағананы да жасап орнатты. Сондай-ақ, олар аспан денелерінің барша топтарына да табынып, Бағалға да құлшылық ететін болды. Жас бұқа кейпінде жасалған жалған тәңірің әбден жек көрінішті, уа, Самария елі! Мен осы халыққа қатты қаһарланып отырмын. Қашан ғана олар зұлымдықтан арылып тазарар екен? Сол тәңірсымақты Исраилдің өзі бір қолөнершіге жасатып алды. Сондықтан ол Құдай емес! Иә, Самарияның жас бұқа кейпіндегі жалған тәңірі күл-парша болып сындырылады!
Выбор основного перевода