Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Жаратқан Ие осы жайтты қолданып, Исраилге сол кезде үстемдік құрған філістір жауларына қарсы әрекетін бастамақ болды, ал Самсонның әке-шешесі соны түсінген жоқ. Содан Жаратқан Ие Сүлейменге былай деп хабарлады: «Сен осылай істеп Менің Келісімімді, өзіңе орындауға тапсырған ережелерімді ұстанбадың. Сол себептен Мен міндетті түрде патшалық билікті сенен жұлып алып, қызметшілеріңнің біреуіне тапсырамын. Еробоғамға былай деді: «Осы он паршаны өзіңе ал! Себебі Исраилдің Құдайы Жаратқан Ие мынаны айтады: Біліп ал! Мен патшалықты Сүлейменнің қолынан жұлып алып, он рудың үстінен билікті саған беріп отырмын. Жаратқан Ие мынаны айтады: Жорыққа аттанып, өз ағайындарың — исраилдіктермен соғыспаңдар! Барлығың да үйлеріңе қайтыңдар! Себебі мұны істеп отырған Өзіммін!»Сонда олар Жаратқан Иенің сөздеріне құлақ асып, Ол бұйырғандай келген жақтарына қайта оралды. Осылайша патша халықтың өтінішіне құлақ салмады. Ал оқиғаның бұлай бет бұруы Құдайдың еркі бойынша еді. Сол арқылы Жаратқан Ие Өзінің шилолық Ахиях пайғамбар арқылы Набат ұлы Еробоғамға айтқан сөзін іске асырды. Ал Құдай Охозияхтың Жорамға келіп, сонда өлуі керек деп ұйғарып қойған еді. Охозиях Ізрелге жеткеннен кейін, Жорамға еріп соның қолбасшысы Німши ұлы Ехуді қарсы алуға шықты. Жаратқан Ие Ехуге Ахабтың әулетін құртуды тапсырып, оны соған тағайындап қойған болатын. Бірақ Амасиях оның сақтандыруын тыңдамай қойды. Өйткені Яһуда халқы Амасияхтың бастауымен Едомның жалған тәңірлеріне бет бұрып табынып кеткендіктен, Құдай оларды Солтүстік Исраилдің қолына тапсыруды ұйғарған болатын.
Выбор основного перевода