Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
былай деді:— Сендерді басқаратын патшаның мынадай құқықтары болады: патша сендердің ұлдарыңды алып, өзінің соғыс күймелері мен аттарын қаратып қояды. Олар күймелердің алдында жүгіріп отыратын да болады. Патша ұлдарыңның кейбіреулерін өз жасағына мыңбасылар мен елубасылар етіп тағайындайды, ал басқаларына өзінің жерлерін өңдетіп, егінін орғызып, қару-жарақтар мен соғыс күймелерінің жабдығын жасатып қояды. Патша қыздарыңды сарайына иісмай жасаушы, аспазшы не наубайшы етіп алып кетеді. Патша сендердің ең жақсы егіндіктеріңді, жүзімдіктеріңді, зәйтүн бақтарыңды тартып алып, өз нөкерлеріне үлестіріп береді. Ол, сондай-ақ, өздеріңнің егіндіктерің мен жүзім бақтарыңнан жинаған өнімдеріңнің он бөлігінің бірін алып, уәзірлері мен басқа да қызметкерлеріне табыстайды. Ол ең жақсы құл-күңдеріңді, мүйізді ірі қараларың мен есектеріңді алып, өз жұмысына салады. Соның үстіне ұсақ малдарыңның он бөлігінің бірін де патшаға алым-салыққа беріп, ақырында өздерің оның құлы болып шыға келесіңдер. Осы сөздерім жүзеге асқанда, өздерің тілеп алған патшаларыңнан құтқаруды сұрап жалбарынасыңдар. Бірақ Жаратқан Ие сол кезде өтініштеріңе құлақ салмайтын болады! Сүлеймен патшаның бүкіл Исраилдің үстінен қарайтын он екі әкімі болды. Әкімдер патшаны және оның сарай қызметкерлерін азық-түлікпен қамтамасыз етіп отырды. Әрқайсысы мұны кезекпен жылдың бір айы бойы атқарды. Күн сайын Сүлейменнің сарайына мына азық-түліктің төмендегі мөлшері әкелінетін: отыз қап таңдаулы бидай ұны, алпыс қап өзге ұн, Сонымен Сүлеймен патша Жаратқан Иеге киелі үй, өзіне патшалық сарай салып, қорғанның саты тәрізді беткейін, Иерусалим қамалының қабырғаларын, әрі Хазор, Мегидо, Гәзер қалаларын бекітіп қойған еді. Осы үшін патша міндетті жұмысқа қызметшілер жинаған болатын. Бұл туралы мәлімет төменде берілген.
Выбор основного перевода