Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Осылайша исраилдіктер Жаратқан Иеден бас тартып, Бағал мен Астартаның мүсіндеріне табынатын болды. Исраилдіктер Менен бас тартып, сидондықтардың табынатын әйел тәңірі Астартаға, моабтықтардың тәңірі Хамосқа және аммондықтардың тәңірі Молохқа бас ұра табынып кеткендіктен, Мен осыны істеймін. Олар Менің жолыммен жүріп, Маған ұнамды істер істеген, әрі Менің ережелерім мен шешімдерімді сақтаған Сүлейменнің әкесі Дәуіт сияқты болмады. Исраилдің патшасы Сүлеймен баяғыда Иерусалимнің шығысында, Азғындық тауының оңтүстігіндегі биіктеу жерлерде жексұрын тәңірлерге: Сидонның Астартасына, Моабтың Хамосына, Аммонның Молохына арнап табыну орындарын салған болатын. Жосия патша сол орындарды да арамдады.
Выбор основного перевода