Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Ал Солтүстік Исраилдің адамдары Яһуданың адамдарына былай деп қарсы сөйледі:— Біз он румыз ғой. Біздің патшадан үлесіміз сендердікіне қарағанда көбірек! Ендеше неге бізді менсінбедіңдер? Оның үстіне, патшамызды кері қайтару керек деп бірінші айтқан біз емес пе едік?Бірақ Яһуданың адамдары Солтүстік Исраилдің руларынан гөрі қаттырақ сөйлеп оларды өкпелетіп тастады. Содан Жаратқан Ие Сүлейменге былай деп хабарлады: «Сен осылай істеп Менің Келісімімді, өзіңе орындауға тапсырған ережелерімді ұстанбадың. Сол себептен Мен міндетті түрде патшалық билікті сенен жұлып алып, қызметшілеріңнің біреуіне тапсырамын. Дегенмен әкең Дәуітке бола бұны сенің көзіңнің тірісінде істемеймін. Мен патшалықты ұлыңның қолынан жұлып алатын боламын. Алайда қызметшім Дәуіт үшін және Өзім таңдап алған Иерусалим үшін ұлыңнан бүкіл патшалықты тартып алмай, оның билігіне бір руды қалдырамын». Сонда Жаратқан Ие Сүлейменге бір дұшпанды шығарды. Ол Едом елінің патшалық тұқымынан шыққан Хадад еді. Ертеректе Дәуіт Едом халқымен соғысқан кезде әскер қолбасшысы Жоғаб қаза тапқандарды қабірге қою үшін сонда барғанда, едомдық ер адамдарды жаппай қырып-жойған болатын. Жоғаб исраилдік жасақпен елдің барлық еркек кіндіктілерінің көзін құртқанша Едомда алты ай бойы тұрды. Тек Хадад пен оның әкесінің кейбір едомдық қызметкерлері ғана Мысырға қарай қашып кетті. Хадад сол кезде жас бала болатын. Олар Мадиян арқылы Синай түбегіндегі Паран даласына жетті. Сол жерден өздеріне біраз адам қосып алып, Мысырға барып, оның патшасы перғауынның алдына келді. Перғауын Хададқа тұратын үй мен жер беріп, тамақпен де қамтамасыз етті. Перғауынның Хададқа риза болғаны сонша, оған өз жұбайы Тахпенесаның сіңлісін әйелдікке алып берді. Тахпенесаның сіңлісі Хададқа Генубат деген ұл туды. Патшайым Тахпенеса осы баланы патша сарайында тәрбиеледі. Осылайша Хададтың ұлы перғауынның сарайында оның өз ұлдарымен бірге өсті. Мысырда жүрген сол уақытында Хадад Дәуіттің көз жұмып, ата-бабаларының қасына жөнелгені және әскер қолбасшысы Жоғабтың да дүние салғаны туралы естіді. Сонда ол перғауыннан:— Маған рұқсат берсеңіз екен, өз еліме қайтып барайын, — деп өтінді. Перғауын оған:— Менің қасымнан өз еліме қайтып барайын дейтіндей, саған бұл жерде не жетіспейді? — деген сауал қойды. Хадад оған:— Бәрі де жеткілікті, әйтсе де еліме жіберсеңіз екен! — деп қоймады. Құдай Сүлейменге тағы басқа бір дұшпанын шығарды. Ол қожайыны — Соба патшасы Адад-Әзерден қашып кеткен Әлияда ұлы Резон болатын.
Выбор основного перевода