Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Бірақ Сарұяның ұлы Әбішай Дәуітке көмекке келді де, філістірге тап беріп, оны өлтіріп тастады. Сонда Дәуіттің адамдары одан өтініп: «Енді қайтып бізбен бірге ешқашан шайқасқа шықпасаңыз екен! Себебі Исраилдің шам-шырағын өшіруге болмайды!» — деп, бұларын антпен бекітті. Алайда қызметшім Дәуіт үшін және Өзім таңдап алған Иерусалим үшін ұлыңнан бүкіл патшалықты тартып алмай, оның билігіне бір руды қалдырамын». Сүлеймен ұлы Рохабоғам Иерусалимге қайтып келген соң, (Солтүстік) Исраилге қарсы аттанып, бүкіл патшалықты өзіне қаратып алмақ болды. Сол үшін күллі Яһуда халқы мен Бунямин руынан бір жүз сексен мың таңдаулы сарбазын жинады. Алайда Құдай Ие Өзінің сенімді қызметшісі Дәуітке бола Дәуіттің әулетінің Иерусалимде патшалық құра беруіне мүмкіндік берді. Сол үшін Жаратқан Ие Абияхқа өзінен кейін патша болатын ұл сыйлап, Иерусалимді нығайтты. Сонда да Жаратқан Ие Өзінің адал қызметшісі Дәуітке бола Яһуда елін жоюды қаламады. Ол Дәуітке және оның келешек ұрпақтарына ұдайы (патшалық құрып) шам-шырақ іспетті нұр шашуға мүмкіндік беру жайлы уәде еткен болатын.
Выбор основного перевода