Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
2. Паралипоменон
Параллельные места
Сүлеймен патшалық құрған кезде болған басқа да жайттардың барлығы, оның іс-әрекеттері мен даналығы «Сүлейменнің істері» деген кітапта баяндалған. Сүлеймен Иерусалимде бүкіл Исраилдің үстінен қырық жыл бойы патшалық құрған соң көз жұмып, ата-бабаларының қасына жөнелді. Оның мәйіті әкесі Дәуіттің шаһарындағы қабірге қойылды. Сүлейменнің ұлы Рохабоғам орнын басып патша болды. Дәуіт патшаның істері басынан аяғына дейін Самуил, Натан, Ғад есімді пайғамбарлардың жазып қалдырған кітаптарында баяндалған. Рохабоғамның іс-әрекеттері басынан аяғына дейін Шемаях пайғамбардың жазбаларында және Иддо пайғамбардың Шежіре туралы жазбаларында баяндалған. Рохабоғам мен Еробоғамның патшалық құрған бүкіл кездерінде екеуінің арасында соғыс болып тұрды. Абияхтың қалған іс-әрекеттері мен сөздері жайлы «Иддо пайғамбардың түсіндірме кітабында» баяндалған. Сол күндердің бірінде Еробоғам Иерусалим қаласынан шығып келе жатқанда, алдынан шилолық Ахиях пайғамбар кездесті. Пайғамбар үстіне жаңа шапан киіп алған екен. Далада екеуінен басқа ешкім болмады.
Выбор основного перевода