Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
2. Паралипоменон
Параллельные места
Сонда Дәуіт патшаға: «Құдайдың сандығының арқасында Жаратқан Ие Ғабит-Едом мен оның барлық иелігіне ақ батасын қондырды!» — деген хабар жетті. Содан Дәуіт барып, Құдайдың сандығын салтанатпен қуана-қуана өзінің шаһарына алып келді. Сүлеймен Жаратқан Иеге киелі үй, өзіне патшалық сарай салып, барлық қалағандарын жүзеге асырып болғанда, Жаратқан Ие оған екінші рет аян берді. Оған бұрынырақ Гибеонда да аян берген болатын. Бұл жолы Жаратқан Ие Сүлейменге былай деді:— Маған бағыштаған мінажатың мен өтініш-тілектерің құлағыма жетті. Сен салған мына үйді Менің есімім сонда әрдайым орнықсын деп Өзіме бағыштадым. Оны ұдайы жүрегімде ұстап, көзімнен таса қылмаймын. Егер сен әкең Дәуіт сияқты, жүрегің таза, әділ болып жүріп, өзіңе берген өсиеттерімді көз алдымда орындап, ережелерім мен шешімдеріме бағынатын болсаң, онда Мен Исраил елінде Сенің патшалық тағыңды мәңгілікке берік етемін. Өйткені көзі тірісінде әкең Дәуітке: «Әрдайым сенің ұрпақтарыңның біреуі Исраилдің патшалық тағында отыратын болады», — деп уәде берген едім. Алайда егер өзің және кейінгі ұрпақтарың Менен теріс бұрылып, өздеріңе тапсырған өсиеттерім мен ережелерімді орындамай, басқа тәңірлерге құлшылық етіп табынатын болсаңдар, онда Мен Исраилді Өзім табыстаған осы елден қуып шығамын, әрі өз есіміме бағыштаған бұл киелі үйді де қасымнан алып тастаймын. Осылайша барлық басқа халықтар Исраилді мысалға келтіріп, табалап мазақтайтын болады. Осы киелі үй қазір салтанатты болып тұрғанмен қиратылып, үйінді болып қалады. Сонда оның қасынан өткен-кеткен әркім аңтарыла жаны түршігіп: «Жаратқан Ие неліктен бұл ел мен мына киелі үйге осындай қорқынышты нәрсені істеді екен?» — деп мұрнын шүйіріп, ысқыратын болады. Сонда жұрт: «Себебі олар ата-бабаларын Мысырдан бастап алып шыққан Құдайы — Жаратқан Иені елемей тастап кетіп, бөтен тәңірлерге бет бұрды да, соларға табынып, құлшылық ететін болды. Сондықтан Жаратқан Ие олардың бастарына осы бақытсыздықтың барлығын үйіп-төкті!» деп мысалдайтын болады. Жаратқан Иенің Келісім сандығы Дәуіттің шаһарына кіре бастағанда, оның әйелі Саул қызы Михол терезеден қарап тұрған еді. Дәуіт патшаның секіріп би билеп жүргенін көріп, Михол оны іштей менсінбеді.
Выбор основного перевода