Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
2. Паралипоменон
Параллельные места
Діни қызметкерлер Жаратқан Иенің киелі үйінен шыққан кезде киелі үй бір қалың бұлтқа кенелді. Һароннан тараған діни қызметкерлер арнайы топтарға бөлініп міндеттерін атқаратын. Һаронның ұлдары: Надаб, Әбиһу, Елазар және Ітамар. Надаб пен Әбиһу арттарында ұл қалдырмай әкелерінің көзі тірісінде бұ дүниеден өтті. Сол себептен Елазар мен Ітамар діни қызметті атқаратын болды. Дәуіт патша Елазардың ұрпағы Садықтың және Ітамардың ұрпағы Ахимәліктің көмегімен діни қызметкерлерді міндеттерін атқаратын кезектері бойынша топтарға бөлді. Ітамардың ұрпақтарына қарағанда Елазардың ұрпақтарында әулет басшылары көбірек болды. Сондықтан Елазардың ұрпақтары он алты топқа, ал Ітамардың ұрпақтары сегіз топқа бөлінді. Елазардың да, Ітамардың да ұрпақтарының ішінде киелі үйде Құдайға қызмет етуге лайықты басшылар бар болғандықтан, олар атқаратын міндеттеріне жеребе тастау арқылы тағайындалды.
Выбор основного перевода