Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
2. Паралипоменон
Параллельные места
Содан Сүлеймен Хирамға сәлемін жолдап былай деді: «Өзіңіз білетініңіздей, әкем Дәуіт өзінің сиынған Құдайы Жаратқан Иенің атына арнап ғибадат ететін киелі үйді сала алмай кетті, себебі оған қарсы жан-жақтан соғыс жүргізіліп отырды. Жаратқан Ие жауларын табанының астына салып бергенге дейін киелі үйді тұрғызу мүмкін болмады. Ал енді, Құдайым Жаратқан Ие маған жан-жағымнан тыныштық сыйлап, жаудан да, апат атаулыдан да аманбыз. Жаратқан Ие әкем Дәуітке былай деп уәде еткен: «Сенің орныңа ұлыңды патшалық тағыңа отырғызамын. Менің есіміме арнап киелі үйді салатын сол болады». Соған сәйкес менің Құдайым Жаратқан Иенің атына арнап ғибадат ететін киелі үй тұрғызатын ниетім бар. Сондықтан да маған арнап Ливан тауларынан самырсын ағаштарын құлатып беру жайлы бұйрық берсеңіз екен. Сіздің қызметшілеріңізбен бірге жұмыс істеуге өз адамдарымды да жіберемін. Қызметшілеріңіздің жұмысы үшін қандай ақы сұрасаңыз да төлеуге дайынмын. Өз арамызда Сидондағыдай ағаш құлатудың шеберлері жоқ, мұны өзіңіз де білесіз». Хирам патша Сүлейменнің жолдаған сәлемін естігенде қатты қуанып: «Осы ұлы халықтың үстінен патша болуға Дәуітке дана ұл сыйлаған Жаратқан Ие мадақталсын!» — деді. Содан Хирам Сүлейменге мынадай жауабын жіберді:«Маған жолдаған сәлеміңізді алдым. Сізді самырсын және қарағай ағаштарымен қамтамасыз ету үшін қалағаныңыздың бәрін де орындаймын. Қызметшілерім оларды Ливан тауларынан Жерорта теңізінің жағалауына алып барады. Оларды бір-біріне байластырып сал жасап, өзіңіз айтатын жерге теңіз арқылы жеткізіп беремін. Әрі қарай алып кете алуыңыз үшін салдарды сол жерде ажыратып бөлектетемін. Сіз де менің өтінішімді орындап сарайымды азық-түлікпен қамтамасыз етсеңіз екен». Осылай Хирам Сүлейменге бар қалағанынша самырсын мен қарағай бөренелерін жіберіп отырды. Ал Сүлеймен Хирамның сарайына арнап жыл сайын жиырма мың қаптан бидай әрі жиырма мың күбіден ең таза зәйтүн майын жіберіп отырды. Тир патшасы Хирам Дәуітке елшілерін, сондай-ақ самырсын бөренелерін, тас қалаушылар мен ағаш ұсталарын да жіберді. Осы мамандар Дәуітке сарай салып берді.
Выбор основного перевода