Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
2. Паралипоменон
Параллельные места
— Біліп ал: Мен Яһуда руынан шыққан Һұрдың немересі, Ұри ұлы Беселиелді арнайы таңдап алдым. Оны Құдай Рухына кенелтіп, оған ақыл-парасат пен қабілет дарытып, барлық өнерден хабардар етіп қойдым. Оған алтын, күміс, қола бұйымдарға көркем өрнектер жасауға, асыл тастарды қашап өңдеп, жиектемеге қондыруға, ағаш кесіп, жонып, оюлап әшекейлеуге және кез келген көркем өнер жұмысын істеуге қабілет бердім. Мынаны да біліп ал: Мен оған Дан руынан шыққан Ахисамах ұлы Аһолияпты көмекші етіп тағайындап отырмын. Мен өзіңе тапсырғандардың барлығын жасаулары үшін күллі ақылдыларға тағы да молынан ақыл-парасат дарытамын. Сондықтан олар Мен өзіңе бұйырған мына нәрселердің бәрін жасай алады: Сүлеймен патша Тир қаласына кісі жіберіп, Хурам-Аби есімді біреуді шақыртып алдыртты. Оның шешесі Нафталим руынан шыққан жесір әйел, ал әкесі Тирдің тұрғыны әрі қола өңдейтін қолөнерші болатын. Хурам-Аби қоладан әр түрлі бұйымдар істеуге бейімділігі бар парасатты да шебер ұста еді. Ол Сүлеймен патшаға келіп, қажетті жұмыстың барлығын орындады.
Выбор основного перевода