Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
2. Паралипоменон
Параллельные места
Сонда Ахаб патша пайғамбарларды: шамамен төрт жүз адамды жинап алып, оларға мына сұрақты қойды:— Ғилақадтағы Рамот қаласы үшін шайқасуға аттануым қажет пе? Әлде содан бас тартайын ба? — Барлығы:— Өрлеп аттаныңыз! Иеміз оны патшаның қолына тапсырып отыр, — деді. Ал Жосапат:— Бұл жерде әлі де Жаратқан Иенің бір пайғамбары жоқ па екен? Сол арқылы Жаратқан Иенің еркін сұрап біліп алайық, — деп қоймады. Ахаб:— Жаратқан Иенің еркін сұрап білуге болатын әлі де бір адам бар, Имелах ұлы Миқая. Бірақ оны жек көремін, себебі ол мен туралы әрдайым жақсы емес, тек жағымсыз пайғамбарлық сөздерді ғана айтады, — деп жауап қайырды. Ал Жосапат былай деп өтінді:— О, патша, былай дей көрмеңіз. (Соның да не айтарын тыңдап көрейікші.)
Выбор основного перевода