Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
2. Паралипоменон
Параллельные места
Астық тартуларыңның барлығына да тұз қос. Тұз Құдайыңның Келісімін есіңе салады. Оны астық тартуларыңның қайсыбіреуіне қоспай қойып жүрме! Қайта, олардың бәріне де тұз қосушы бол! Осылайша Мен исраилдіктердің Жаратқан Иеге алып келетін барлық киелі тартуларын тұрақты түрде сенің өзің мен ұл-қыздарыңа сыйладым. Бұл — өзіңе және отбасыңа арнап Жаратқан Ие жасаған ешқашан бұзылмауға тиіс Келісім». Күндерің тамамданып, ата-бабаларыңның қасына жөнелгеніңде Мен артыңнан бір ұрпағыңды: өз ұлдарыңның біреуін тағайындап, оның патшалық билігін нығайтамын. Менің есіміме арнап киелі үйді салатын сол болмақ. Оның патшалық тағын мәңгілікке орнатамын. Сенің үйің мен патшалығың Менің көз алдымда мәңгілікке нығаяды, ұрпақтарыңның патшалық тағы дәйім тұрақты болмақ». Солай Сенің тұрақты рақымыңныңМәңгілік екенін жариялаймын.Өзіңнің шындығыңды көкте бекіттің,(Өйткені Сен мынаны айтқан едің:) «Мен таңдаулыммен Келісім жасадым,Қызметшім Дәуітке былай деп ант бердім:
Выбор основного перевода