Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
2. Паралипоменон
Параллельные места
Саф алтыннан шам қойғыш та жасат. Оның тұғыры мен діңгегі, мүсінделген тармақтары, гүл тостағаншалары, қауыздары және бүршіктері түгел біртұтас алтыннан балғамен соғылып жасалсын. Діңгегінен екі жағына үш-үштен алты тармақ шығуы керек. Әр тармақта шар тәрізді үш бүршіктен тараған, қауыздарын ашқан үш алтын бадам гүлінен болсын. Ал ортадағы діңгекте дәл осындай төрт алтын бадам гүлі болуы керек. Әр тармақта шар тәрізді үш бүршіктен тараған, қауыздарын ашқан үш алтын бадам гүлінен болсын. Ал ортадағы діңгекте дәл осындай төрт алтын бадам гүлі болуы керек. Бұл гүлдердің бүршіктері екі жаққа созылған үш жұп тармақтың діңгектен шыққан жерлерінің астыңғы жағында орналассын. Тармақтарымен, бүршіктерімен бірге шам қойғыш түгелдей біртұтас саф алтыннан балғамен соғылып жасалсын. Шам қойғышқа жеті май шамын дайындатып, оларды жарығы алдыңғы жағына түсіп тұратын етіп діңгек пен тармақтардың бастарына орнат. Оның білте түзеткіштері мен табақшаларын да саф алтыннан жасат. Шам қойғыш пен қажетті құрал-жабдықтары үшін бір ат басындай саф алтын жұмсалсын. Кездесу шатырындағы Келісім сандығының алдында ілінген шымылдықтың сыртқы жағында, Жаратқан Иенің алдында, Һарон мен оның ұлдары күн батқаннан таң атқанша шамдардың жанып тұруын қамтамасыз етсін. Бұл — Исраил халқының болашақ ұрпақтарына берілген тұрақты ереже. Сендер кездесу шатырының кіреберісінде жеті тәулік бойы күні-түні Жаратқан Иенің қызметіне дайын болып тұрыңдар. Өлмей тірі қалуларың үшін солай істеңдер, себебі Жаратқан Ие маған осылай бұйырды». Таңдаулы бидай ұнынан он екі күлше пісір. Олардың әрқайсысына пұттың оннан екісіндей мөлшерде ұн қолдан. Нанды Жаратқан Иенің алдындағы саф алтын үстелдің үстіне, алты-алтыдан екі қатар етіп қой. Әр қатарға таза да хош иісті шайырды қой. Осы хош иісті шайыр кейін Жаратқан Иеге өртеу арқылы ұсынылатын естелік іспетті нанның орнын басады. Бұл күлшелерді Һарон Жаратқан Иенің алдына әр сенбі сайын қоятын болсын. Мұны ол Исраил халқының атынан мәңгілік Келісімге сай істеуге тиіс. Осы нан Һаронға және оның ұлдарына тиесілі, олар сол күлшелерді киелі орында жеулері қажет. Бұл — Жаратқан Иеге өртеу арқылы ұсынылатын тартулардан оларға тиісті үлестің ерекше киелі бөлігі. Оларға тағы мынаны айт: Жаратқан Иеге арнап түгелдей өртелетін құрбандық ретінде күн сайын мінсіз бір жасар екі тоқтыдан әкеліп отырыңдар. Бірінші тоқтыны таңертең, екіншісін кешке қарай шалып, өртеп ұсыныңдар. Бұған қоса пұттың оннан бір бөлігі мөлшеріндегі таңдаулы бидай ұнын төрт жарым қадақ ең таза зәйтүн майымен араластырып, астық тартуы ретінде ұсыну керек. Бұл — Синай тауында бұйырылған, Жаратқан Иеге түгелдей өртелу арқылы ұсынылатын, Оған ұнамды да хош иісті әрі тұрақты тарту. Әрбір тоқтымен бірге сұйық тарту да ұсынылсын. Ол екі жарым қадақ ашыған сусын болсын. Сұйық тарту киелі орында Жаратқан Иеге арнап құйылып ұсынылсын. Ал екінші тоқтыны кешке қарай бірінші тоқты сияқты ұсынып, оған тиісті астық, сұйық тартуларын да дәл таңертең істегендеріңдей ұсынуларың керек. Бұл да Жаратқан Иеге өртелу арқылы ұсынылған, Оған ұнамды да хош иісті тарту болмақ. Қазір мен Құдай Иемнің даңқын шығаратын ғибадатхана салып, Оған бағыштамақпын. Сол жерде Жаратқан Иеге арнап хош иісті заттар түтетіліп, Оның алдында әрдайым арнайы нан тартулары ұсынылуға тиіс. Күн сайын таңертең және кеште, демалыс күндері, айдың бірінші күні әрі Құдай Иеміздің басқа да мейрам кездерінде құрбандықтардың шалынып, өртеліп ұсынылулары керек. Бұл рәсімдер Исраил халқына тұрақты бекітілген.
Выбор основного перевода