Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
2. Паралипоменон
Параллельные места
Бірақ Құдай Өзінің таңдаған адамы Шемаяхқа сөзін арнап былай деді: Рохабоғамның өзге іс-әрекеттерінің барлығы туралы «Яһуда патшаларының жылнамалары» кітабында баяндалған. Рохабоғам мен Еробоғамның патшалық құрған бүкіл кездерінде екеуінің арасында соғыс болып тұрды. Абияхтың көзі тірісінде Еробоғам екеуінің арасында ұдайы соғыс жүріп жатты. Абияхтың қалған іс-әрекеттері жайлы «Яһуда патшаларының жылнамалары» кітабында баяндалған. Сүлейменнің басқа да іс-әрекеттерінің барлығы басынан аяғына дейін Натан пайғамбардың тарихында, шилолық Ахияхтың пайғамбарлық хабарында және Иддо пайғамбардың Набат ұлы Еробоғам туралы көрген көріністері баяндалған кітабында жазылып қалдырылған. Абияхтың қалған іс-әрекеттері мен сөздері жайлы «Иддо пайғамбардың түсіндірме кітабында» баяндалған.
Выбор основного перевода