Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
2. Паралипоменон
Параллельные места
Ал Ешүрун семіріп қыңырланды,Халық әбден тойынып қоң жинады,Тіпті өзін жаратқан Құдайды менсінбеді,Жартастай Құтқарушысынан безіп кетті. Рохабоғамның заманында Яһуда халқы Жаратқан Иеге жек көрінішті істер істей берді. Олар жасаған күнәларымен ата-бабаларынан да бетер Жаратқан Иенің өз халқының жалған тәңірлерге табынуына еш төзбейтін қызғанышын туғызды. Олар өздері үшін биіктеу жерлерде ғибадат орындарын салып, әр биік тау-төбенің басында, әрбір саялы ағаштың түбінде жалған тәңірлерге арнап тас бағаналар әрі Ашераға бағыштап ағаш бағаналар орнатып қойды. Соған қоса елдегі жалған тәңірлерге табыну орындарында тіпті азғындықпен айналысқан еркектер де болды. Осылай Жаратқан Ие Исраилдің алдынан қуып шыққан азғын халықтардың барлық жексұрын күнәларын енді исраилдіктердің өздері істейтін болды. Қаланың адамдары шығып, Жоғабқа шабуыл жасады. Сонда Дәуіттің бірнеше жауынгері қаза тауып, ішінде хеттік Ұрия да болды.
Выбор основного перевода