Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Бірде Дәуіт және Исраилдің бүкіл жасағы Ебус деп те аталған Иерусалимге аттанды. Сол қалада тұрған ебустіктер Дәуітті мазақтап: «Мұнда ешқашан кірмейсің!» — деді. Алайда Дәуіт Сион төбесіндегі қорғанды басып алып үлгерді; ол қазір «Дәуіттің шаһары» деп аталады. Дәуіт былай деп сөз берген болатын: «Ебустіктерге бірінші болып шабуыл жасап, оларды жеңіп шыққан адамды қолбасшы әрі әмірші етіп тағайындаймын!» — Сонда Сарұяның ұлы Жоғаб Ебуске бірінші болып көтеріліп, жеңіп шықты. Сондықтан ол қолбасшы болды. Дәуіт осы қорғанда орналасып, соны мекендеді. Сол себепті ол «Дәуіттің шаһары» деп те аталып келеді. Кейін Дәуіт қаланы оның саты тәрізді беткейінен бастап қорғанды айналдыра қоршаған қамал қабырғасына дейін бекітіп салғызды. Жоғаб болса қаланың қалған бөліктерін қайтадан тұрғызды. Әлемнің Иесі оған жар болғандықтан, Дәуіт барған сайын күшейе түсті. Яһуда руының адамдары Иерусалимде тұратын ебустіктерді қуып шығара алмады, содан ебустіктер осы күнге дейін Яһуданың адамдарымен бірге тұрып келеді. Себебі яһуданың жасақшылары Иерусалим қаласына да шабуыл жасап, оны басып алды. Оның тұрғындарын семсердің жүзімен қырып-жойып, қаланың өзін өртеп жіберді. Бунямин руы Иерусалим қаласын мекендеген ебустіктерді қуып шығармады. Ебустіктер осы күнге дейін Иерусалим қаласында буняминдіктермен бірге тұрып келеді. Алайда сол адамның тағы бір түнге қалғысы келмеді. Ол жолға шығып, Ебуске, яғни Иерусалимге қарай бет алды. Оның қасында ерттелген екі есегі және келіншегі бар еді. Олар Ебуске келгенде, кеш түсе бастады. Қызметшісі қожайынына:— Жүріңіз, ебустіктердің қаласына кіріп, сонда түнеп шығайық! — деп ұсынды.
Выбор основного перевода