Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Екеуі Жаратқан Иенің алдында достықтарын тағы да сертпен бекітті. Содан соң Жонатан үйіне кетіп, Дәуіт ну орманда қала берді. Сонда Яһуда руының адамдары келіп, Дәуітке май жағу рәсімін жасап, оны Яһуданың патшасы етіп тағайындады.«Ғилақадтағы Ябестің тұрғындары Саулдың мәйітін қабірге қойыпты» деген хабар Дәуітке жетті. Әбенир Дәуітке ұсыныс жасап былай деді: «Мен сапарға шығып, бүкіл Исраил халқын сізге, патша иеме, жинап берейін. Олар сізбен келісім жасамақ. Сонда өзіңіз қалаған елдің үстінен билік жүргізе алатын боласыз». — Бұдан кейін Дәуіт оны еркіне жіберіп, Әбенир аманшылықпен кері қайтты. Осылай Исраилдің күллі рубасылары Дәуіт патшаға келіп, ол солармен Хебронда Жаратқан Иенің алдында келісім жасады. Бір кезде Жаратқан Ие Самуил пайғамбар арқылы алдын ала айтқандай, олар енді Дәуітке май жағу рәсімін орындап, оны Исраилдің патшасы етіп бекітті.
Выбор основного перевода