Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Патшаның көп әйел алуына да болмайды, әйтпесе оның жүрегі басқа жаққа бұрылып кетеді. Патша өзіне көп мөлшерде алтын-күмісті де жинай бермеуі керек. Хебронда Дәуіттің мына ұлдары дүниеге келді: тұңғышы — Амнон, оның шешесі ізрелдік Ахиноғам еді. Екіншісі — Хилеяба, ол кәрмелдік Набалдың жесірі Әбигелден туды. Үшіншісі — Абессалом, оның шешесі Гешур патшасы Талмайдың қызы Маха болатын. Төртінші ұлы — Адонияхтың шешесі Аггит, бесіншісі — Шафатияхтың шешесі Абитал, әрі алтыншысы — Ітерамның шешесі Дәуіттің өзге әйелі Әгла болды. Бұлардың бәрі Хебронда туды. Дәуіттің ұлдары осылар, ал соларға қоса оның кәнизактарынан туған ұлдары да болды. Тамар Дәуіттің ұлдарына әпке-қарындас болатын.
Выбор основного перевода