Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Содан Исраилдің бүкіл халқының өкілдері кейінірек Хеброндағы Дәуіттің қасына жиналып келіп, оған былай деді:— Сөзімізге құлақ сала көріңіз: сіздің ет жақын туыстарыңызбыз. Біраз уақыт бұрын, Саул әлі де патшалық құрған кезде, бүкіл Исраилді жорықтарға бастап жүрген өзіңіз болатынсыз! Сіздің Құдайыңыз Жаратқан Ие де сізге: «Менің халқым Исраилді бағатын әрі Исраил еліне басшылық ететін сен боласың», — деп айтқан еді. Осылай Исраилдің күллі рубасылары Дәуіт патшаға келіп, ол солармен Хебронда Жаратқан Иенің алдында келісім жасады. Бір кезде Жаратқан Ие Самуил пайғамбар арқылы алдын ала айтқандай, олар енді Дәуітке май жағу рәсімін орындап, оны Исраилдің патшасы етіп бекітті. Сонда Лабан: «Сен қандас бауырымсың», — деп, оған құшағын жайды.Жақып нағашысының қасында бір ай болғаннан кейін, Сіздер менің ағайындарымсыздар ғой, қандастарымсыздар. Ендеше неліктен сіздер патшаны кері қайтарудан тартынасыздар? Ал Амасаға мынаны айтыңыздар: Сен менің қандас туысымсың ғой! Жоғабтың орнына сені бүгіннен бастап болашақта да әскерімнің қолбасшысы болуға тағайындамасам, Құдай мені жазалаған үстіне жазалай берсін!»
Выбор основного перевода