Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3
Параллельные места
Кешке қарай Жаратқан Иенің екі хабаршысы Содом қаласына жетті. Лут сол кезде қала қақпасының алдында отырған еді. Ол хабаршыларды көргенде оларға сәлем беру үшін орнынан тұрып, жерге дейін басын иіп тағзым етті де: — Мырзалар, құлдарыңыздың үйіне кіріп, жуынып-шайынып, қонып қонақ болыңыздар. Ертең ертемен тағы да жолға шығарсыздар, — деп үйіне шақырды. Хабаршылар оған:— Рақмет сізге, біз базар алаңында түнеп шықпақшымыз, — деп жауап берді. Лут қиыла өтініп қоймаған соң, екеуі оған еріп, үйіне келді. Тамақ дайындалып, ашытқысыз қамырдан нан пісіріліп, хабаршылар тамақтанды. Олардың бастары жастыққа тимей тұрып-ақ, жасы бар, кәрісі бар, қаланың түкпір-түкпірінен жиналып келген ер адамдарының бәрі үйдің сыртын айнала қоршап алды. Лутты айқайлап шақырып:— Саған кешқұрым келген еркектер қайда? Бізге алып шық, олармен жақындасып көңіл көтерейік, — деді. Лут кіреберіске, олардың алдарына шығып, есікті жауып: — Оу, ағайындар, мұндай зұлымдық жасамаңдар! — деп өтінді. — Тыңдаңдаршы, ермен жақындаспаған бойжеткен екі қызым бар. Сендерге соларды үйден шығарып берейінші, оларға білгендеріңді істей беріңдер. Бірақ бұл адамдарға тиіспеңдер, олар менің шаңырағымның астына түскен меймандарым ғой! — Алайда қаланың ер адамдары оған:— Былай кет! Мынау кірме неме, бізге билік айтпақ па? Тоқтай тұр, сенің бізден алатын сыбағаң олардікінен бетер болмақ! — деп айғай салды. Сөйтті де, Лутқа тап беріп, есікті бұзуға айналды. Сонда үй ішінде тұрған хабаршылар есікті сәл ашып, қолдарын созып, Лутты ішке қарай тартып кіргізіп алды. Хабаршылар есікті қайтадан бекітіп, алдында тұрған үлкенді-кішілі адамдардың бәрін есікті таба алмастай соқыр етіп тастады. Бұдан кейін олар Лутқа:— Сенің бұл жерде тағы қандай жақындарың бар? Күйеу балаларың, ұл-қыздарың әрі барлық басқа адамдарыңды осы қаладан алып кет! — деп бұйырды. — Біз оны құртпақшымыз. Жаратқан Иеге бұл жер туралы қатты дауыспен айтылған шағым түсуде. Сондықтан Жаратқан Ие бізді осы қаланы құрту үшін жіберді. Сонда Лут сыртқа шығып, қыздарына үйленбек күйеу балаларына барып: «Жиналып, бұл жерден кетіңдер! Жаратқан Ие қаланы құртпақшы!» — деп ескертті. Бірақ күйеу балалары оны қалжыңдап тұр деп ойлады. Таң қызарып атып келе жатқанда хабаршылар Лутты асықтырып: «Жинал, күнәға батқан бұл қалада құрып кетпеу үшін әйеліңді, қолыңдағы екі қызыңды ал да, бұл жерден кет!» — деді. Лут әлі де қобалжып тұрғанда, елшілер оны, әйелін, екі қызын қолдарынан ұстап далаға сүйрей жөнеліп, қаланың сыртына шыққанда ғана қоя берді. Себебі Жаратқан Иенің оларға рақымы түскен болатын. Алайда сендер, сүйікті бауырластарым, бұны алдын ала біліп, сақ болыңдар: ұяты жоқ, тура жолдан адасқан адамдарға ілесіп, берік негіздеріңнен айырылып қалып жүрмеңдер!
Выбор основного перевода