Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3
Параллельные места
елшілерін жіберіп, Беғор ұлы Балағамды өзіне шақыртты. Балағам Евфрат өзенінің бойындағы Петор деген туған жерінде тұрып жатты. Патша Балағамға мынадай сәлем жіберді: «Мысырдан бір халық көшіп шығып, жер бетін қаптап кетті. Олар енді қасымызға қоныстанып жатыр. Осылайша Моаб пен Мадиянның ақсақалдары Балағамға сәуегейлігі үшін беретін сый-тартуын ала шығып, Балақтың айтып жібергенін жеткізді. Бұлар қасіретке қалмақ! Олар Қабыл таңдаған жолмен жүреді және Балағам іспетті өздері алатын сыйына қызығып, алдамшылыққа беріледі. Ақырында олар Қорах сияқты қиқарлықпен (қауым жетекшілеріне қарсы) бас көтергендері үшін құртылмақ. Алайда саған айтар біраз наразылығым мынау: араларыңда Балағамның ілімін ұстанушылар бар. Сол көріпкел ежелде Исраилге қарсы шыққан Балаққа халықты күнәға азғыруды үйреткен: оларға жалған тәңірлерге шалынған құрбандықтардың етін жегізді әрі азғындық жасатты.
Выбор основного перевода