Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3
Параллельные места
Қожайынының еркін біле тұра дайын болмаған, оның қалауы бойынша істемеген қызметші қатты соққы жейтін болады. Ал оның қалауын білмей, жазалауға тұратынды істеген қызметші азырақ соққы жейтін болады. Себебі Құдай кімге көп берсе, одан көп талап етеді, кімге көп сеніп тапсырса, одан есепті де көбірек сұрайды. Себебі кейбір адамдарды істегендеріне өкіндіріп, қайтадан Құдай жолына түсіру мүмкін емес: бір кезде жан дүниелері Тәңір Иенің нұрынан ағарған еді. Олар Оның көктен жіберген сыйының дәмін татып, Киелі Рухтан үлестерін алды. Өткен замандарда Құдайға бағышталған пайғамбарлар айтып кеткен сөздерін және Иеміз әрі Құтқарушымыздың сендерге жіберген елшілері арқылы жеткізген өсиетін есте сақтағандарыңды қалаймын.
Выбор основного перевода