Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3
Параллельные места
Сонымен Құдайды қорлама! Халқыңның басшысына балағат сөз айтпа! Себебі қауым басқарушысына Құдайдың жұмысына жетекшілік ету сеніп тапсырылады, сондықтан ол мінсіз болып, менмен, ашушаң, арақ-шарапқа салынған, ұрыншақ, пайдакүнем болмауы керек. Сонымен, сендер Жаратқан Иенің меншігі болғандықтан, Ол тағайындаған әрбір билік иесіне мойынсұныңдар! Елдің басшысы ретінде патшасына бой ұсыныңдар, Ең бастысы, мынаны біліп қойыңдар: осы соңғы заманда арам құмарлықтарына салынып, сендерді келемеждейтін адамдар шығатын болады. Сол сияқты, Содом, Ғомора және маңайындағы қалаларды ұмытпаңдар: олардың тұрғындары жыныстық азғындықпен әуестеніп, табиғатқа қайшы ұятсыздықтарға салынғандары үшін жазаланды. Сонымен олар мәңгілік отта азап шегетіндердің мысалы болды. Дәл осылайша, араларыңдағы сол «түс көрушілер» өз тәндерін масқаралап, ешбір билікті елемей, абыройлы билеушілерді балағаттап жүр.
Выбор основного перевода