Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13
Параллельные места
Жаратқан мені қатты жазалады,Бірақ жанымды ажалға қимады. Забурда мына сөздер жазылған: «Сен үшін олар бізді күнде жоюда, сойылатын қой деп бізге қарауда». Сондықтан, қымбатты бауырластар, сендерді Азия аймағында тап болған қиындықтарымыздан хабарсыз қалдырғымыз келмейді. Басымызға түскен ауыртпалықтың шектен тыс, адам төзе алмастай болғаны сонша, тірі қаламыз деп үміттенбедік те. Жүрегімізде өлімге кесілгендей сезіндік. Бұл жайт біздің өзімізге емес, Құдайға ғана сүйене алуымыз үшін де осылай болды. Ол өлгендерді тірілте алады ғой. Мұндай қорқынышты ажал қаупінен Ол бізді құтқарып алды және әлі де құтқаруда; сондай-ақ болашақта да құтқаратын болады деп Оған нық сенім артамыз. Иеміз Иса іспетті тәнімізде әрдайым азап шегіп, өлім қаупіне душар боламыз. Сол арқылы Оның өмірі де тәнімізден көрініс табуда. Себебі тірі жүрген біздер ұдайы Исаға бола өліммен бетпе-бет келеміз, осылай ажалды тәнімізден Оның өмірі көрініс табады.
Выбор основного перевода