Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13
Параллельные места
Ал енді, қызметшім Дәуітке былай де: Әлемнің Иесі мынаны айтады: Сені қой бағып жүрген жайылымнан таңдап алып, халқым Исраилдің басшысы болуға тағайындаған Менмін! Мен оған Әке боламын, ал ол Менің рухани ұлым болады. Егер ол жамандық істесе, оны басқа адамдар арқылы, олардың таяқтары арқылы жазалаймын. Солтүстіктегі халықтарға: «Босатып жіберіңдер!» — деп, оңтүстіктегілерге де: «Жолынан қалдырмаңдар!» — деп бұйырамын. «Рухани ұл-қыздарымды алыстан, тіпті жердің қиыр шетінен де алып келіңдер! Олар қуаныштан жылап, Маған мінажат етеді; Өзім оларды өзен бойымен бастап, тегіс жолдармен сүріндірмей алып жүремін. Өйткені Мен Исраилдің рухани Әкесімін, әрі Ефрем — Менің тұңғышым іспетті». Бірақ болашақта Исраил халқының саны теңіз жағалауындағы санаса сан жетпейтін құм түйіршіктеріндей қисапсыз көп болады. Оларға «халқым емессіңдер» делінген жердің өзінде олар енді «Мәңгі тірі Құдайдың рухани балалары» деп аталады. Мынаны тыңдап алып, Жақыптан тараған Исраил халқына қарсы куәлік етіңдер! — деп бұйырады Жаратушы Тәңір Ие, Әлемнің Әміршісі Құдай. — Өйткені Жаратқан Ие тауларды қалыптастырып, желді соқтырады. Ол өз ой-ниеттерін адам баласына ашып білдіреді. Құдай таңғы арайды қара түнекке айналдырып, әлемнің биік жерлерін де аяғымен басады. Оның Есімі — Жаратқан Ие, Әлемнің Әміршісі Құдай. Әрбіреуінің алты қанаты болатын, қанаттардың тұла бойлары да толған көздер еді. Олар күні-түні тоқтамастан: «Бүкіл әлемнің Билеушісі — әрдайым болып келген, мәңгі бар және болашақта келетін Құдай Ие қасиетті, қастерлі, киелі!» — деп сиынумен болды.
Выбор основного перевода