Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13
Параллельные места
Кәне, жүріңдер, шығыңдар Бабылдан! Күнә атаулыға жоламай, сол жерден шығыңдар! Жаратқан Иенің (киелі үйінің) бұйымдарын көтеріп алып жүретіндер, өздеріңді Оған бағыштап, тазару рәсімінен өтіңдер! Уа, яһудалықтар, Бабылдан қашыңдар! Халдейлердің елін тастаңдар! Отарды бастап жүретін серкедей алғашқы болып сол елден кетіңдер! сендерді шашырап кеткен халықтар мен елдерден алға созылған құдіретті қолыммен және зор қаһарыммен шығарып аламын. Мен сендерді шашырап кеткен халықтар мен елдерден алып шығып, жинаған сол кезде өздеріңді жұпар иіс сияқты қабылдаймын. Осылайша сендер арқылы Өзімнің киелілігімді бүкіл халықтардың көзінше жария етемін. Көктен былай деген басқа бір дауысты да естідім:«Одан шық, халқым Менің, одан шық! Әйтпесе оның күнәларына араласып, басына түсетін пәлелерін де бөлісесің.
Выбор основного перевода