Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1. Паралипоменон
Параллельные места
Елазардың да, Ітамардың да ұрпақтарының ішінде киелі үйде Құдайға қызмет етуге лайықты басшылар бар болғандықтан, олар атқаратын міндеттеріне жеребе тастау арқылы тағайындалды. Өздерімен рулас діни қызметкерлер сияқты, олар да жеребе тастап, қызметтеріне тағайындалып отырды. Сонда осы әулеттердің шыққан түп аталарының жасы үлкен-кішілігіне көңіл бөлінген жоқ. Жеребе Дәуіт патшаның, Садық пен Ахимәліктің және діни қызметкерлер мен леуіліктердің әулет басшыларының алдында тасталды. Олар не жас, не кәрі болсын, не тәлімгер, не шәкірт болсын, қызмет ететін кезектеріне жеребе арқылы тағайындалған еді.
Выбор основного перевода