Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1. Паралипоменон
Параллельные места
Сол кезде олар әлі де аз болатын,Азғана кірме болып сонда тұратын. Патша әкесі Дәуіт марқұмның нұсқауларына сәйкес діни қызметкерлерге топ кезектері бойынша міндеттерін жүктеді. Ол өзге леуіліктерге мадақтау қызметін жүргізуді және күнделікті мұқтаждық бойынша діни қызметкерлерге көмектесуді тапсырды және қақпашыларды өз топтарына сай ғибадатхананың әр қақпасына бекітіп қойды. Патша осының бәрін Құдайдың таңдаған адамы Дәуіттің қалдырған нұсқауларына сәйкес істеді. Асафтан тараған леуілік әнші-күйшілер ежелде өздері үшін Дәуіт патша, Асаф, Хеман және патша жанындағы Едутун пайғамбар белгілеген орындарында тұрды. Ғибадатхананың барлық қақпаларындағы күзетшілерге қызметтерінен сұранып кетудің қажеті болмады. Леуілік бауырластары оларға да Құтқарылу мейрамының асын дайындап қойған еді. (Ән-күйдің жетекшісіне арналған Қорах ұрпақтарының насихат жыры.)
Выбор основного перевода