Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1. Паралипоменон
Параллельные места
Ол оң қолымен Ефремді ұстап Исраилдің сол жағына, ал Манасаны сол қолымен ұстап оның оң жағына апарып тұрғызды. Алайда Исраил оң қолын кенжесі болса да Ефремнің басына, ал сол қолын тұңғыштығына қарамастан Манасаның басына қойып тұрып, екі қолын айқастырып ұстады. Исраил Жүсіпке батасын беріп тұрып былай деді:— Аталарым Ыбырайым мен Ысқақ Құдайдың көз алдында ғұмыр кешті. Құдай менің де өмір бойы бүгінге дейін Қорғанышым болып келеді. Ол — барлық апаттан мені құтқарып келген Хабаршы, енді мына балаларды да жарылқай көрсін! Менің атым және аталарым Ыбырайым мен Ысқақтың аттары осылар арқылы жалғаса беріп, олар жер бетінде кереметтей көбейсін! Әкесі оң қолын Ефремнің төбесіне қойғаны Жүсіпке ұнамады. Сондықтан ол оң қолын Ефремнің басынан алып, Манасаның төбесіне қоймақшы болып: — Әке, олай емес! Тұңғышы мынау, оң қолыңызды соның басына қойыңыз, — деді. Бірақ әкесі бұған қарсы шығып:— Ұлым, мен оны өзім де білемін. Бұдан да халық шығып, ол да атақты болады. Бірақ оның інісі ағасынан да ұлы болып, оның ұрпақтарынан топ-топ рулар тарайды, — деді. Жақып оларға батасын беріп тұрып: — Исраилдің ұрпағы бата бергенде сенің атыңды атап, «Құдай сені Ефрем мен Манасадай қылсын!» деп айтатын болады, — деді. Осылайша ол Ефремді Манасадан жоғары қойды.
Выбор основного перевода