Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1. Паралипоменон
Параллельные места
Керісінше, Құдай Иеге Өзінің есімі құрметтелетін жер бетіндегі тұрағы болуға сендердің күллі руларыңның арасынан бір орынды таңдап алатын болады. Оған сиынып ғибадат етуге сол жерге баруларың қажет. Содан соң Құдайларың Жаратқан Ие өз есімін орнату үшін қандай жерді таңдап алса, сол жерге мен сендерге тапсырып отырған нәрселердің бәрін әкеліңдер: өртелетін сый-тартуларыңды, шалынып өртелетін құрбандықтарыңды, өнімдеріңнің он бөлігінің бірін, арнайы тартуларыңды және өздерің Жаратқан Иеге ант етіп бағыштаған бағалы заттарыңды алып келіңдер! Сол тұста патша Натан пайғамбарға:— Міне, мен самырсыннан салынған сарайда тұрып жатырмын, ал Құдайдың сандығы жай шатырда ғана тұр! — деді. Сүлеймен сөзін жалғастырып былай деді: — Исраилдің Құдайы Жаратқан Иенің есіміне арнап киелі үй салуға әкем марқұм шын жүректен ниеттенген болатын. Сонымен Дәуіт сарайына орнығып алғаннан кейін Натан пайғамбарға:— Мен самырсыннан салынған сарайда тұрып жатырмын, ал Жаратқан Иенің Келісім сандығы жай шатырда ғана тұр! — деді. Натан:— Ойыңыздағыны түгелдей жүзеге асырыңыз, себебі Құдай сізге жар болады, — деп жауап берді. (Киелі үйге қарай өрлеп бара жатқанда айтылатын жыр.)Уа, Жаратқан Ие, есіңе түсіршіҚиындық молынан көрген Дәуітті. Ол Жаратқан Иеге уәде етті,Жақыптың сиынатын құдіреттіҚұдайына былай деп ант берді: «Мен кірмеймін үйімнің ішіне,Әрі жатпаймын төсегіме, Ұйқы бермеймін көздеріме,Мүлгітпеймін кірпіктерімді, Жақыптың сиынатын құдіреттіҚұдай Иесіне жер бетіндегіТұрағын салып бермейінше».
Выбор основного перевода