Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1. Паралипоменон
Параллельные места
Ал сендер Иордан өзенінен өтіп, Құдай Ие сендерге иемденуге беріп отырған елде қоныстанған кезде Ол қауіпсіздікте тұруларың үшін сендерге айналадағы жауларыңның бәрінен қорғап, тыныштық сыйлайтын болады. Жаратқан Ие Өзі ата-бабаларына антпен уәде еткендей, исраилдіктерге барлық жағынан да тыныштық сыйлады. Оларға бірде-бір жау қарсы тұра алмады, өйткені Жаратқан Ие барша жауларын исраилдіктердің қолына тапсырып отырды. Бұдан кейін арада көп уақыт өтті. Жаратқан Ие Исраилге айналаларындағы жауларының барлығынан тыныштық сыйлаған болатын. Ешуа қартайып, жасы ұлғайған еді. Сонымен Дәуіт патша сарайына орнығып алды. Жаратқан Ие оған айналасындағы барлық жауларынан тыныштық сыйлады. Себебі Дәуіт былай деген болатын: «Исраилдің Құдайы Жаратқан Ие Өзінің халқын тыныш та тұрақты орынға қоныстандырып, Өзі де әрдайым Иерусалимдегі тұрағын мекендейтін болды.
Выбор основного перевода