Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1. Паралипоменон
Параллельные места
қорқып тұрып: — Мына жер неткен киелі еді! Бұл — Құдайдың үйі, мұнда көкке апаратын қақпа тұр екен!» — деді. Сонда Жаратқан Иенің періштесі Ғад пайғамбарға мына хабарды Дәуітке жеткізуді тапсырды: «Дәуіт ебустік Орнаның астық бастыратын қырманына өрлеп барсын! Сол жерде Жаратқан Иеге арнап құрбандық ұсынатын орын тұрғызсын!» Дәуіт Ғад жеткізген Жаратқан Иенің бұйрығын орындау үшін солай қарай өрледі. Бидай бастырып жатқан Орна артына қарағанда, ол да періштені байқады. Орнаның қасындағы төрт ұлы дереу тығылып қалды. Осы екі арада Дәуіт сол жерге жақындап келе жатқан еді. Орна қарап, оны көрген бойда қырманынан шығып, Дәуіттің алдында жерге дейін иіліп тағзым етті. Дәуіт Орнаға өтініш жасап:— Мына қырманыңның жерін маған берші! Халықты құртып жатқан пәлені тоқтату үшін осы орында Жаратқан Иеге бағыштап құрбандық үстелін тұрғызбақпын. Мен жер танабыңды толық құнына сатып аламын, — деді. Орна Дәуітке:— Ала беріңізші. Патша ием өзінің қалағандарын істей берсін. Міне, өгіздерді де құрбандыққа шалып, түгелдей өртеуге бағыштаймын. Астық бастырғыш ағаш тақтайларды отын, ал бидайды астық тартуы ретінде сыйлаймын. Мен осының бәрін де бере саламын, — деп жауап берді. Алайда Дәуіт патша Орнаға:— Жоқ, бұларды толық құнын төлеп сатып аламын! Сенің мүлкіңді алып, Жаратқан Иеге бағыштау ойымда жоқ, әрі өзіме тегін келгенді құрбандыққа шалып, өртеп ұсынбаймын, — деп шешті. Сонымен Дәуіт осы жер танабын алты жүз мысқал алтынға сатып алды. Дәуіт сол орында Жаратқан Иеге арнап құрбандық үстелін тұрғызып, малдарды құрбандыққа шалып, түгелдей өртеп жіберді. Ол Жаратқан Иемен қарым-қатынасына ризашылық білдіретін құрбандықтарын да ұсынып, Оған дауыстап сиынды. Жаратқан Ие үстелдегі түгелдей өртелетін құрбандыққа аспаннан от түсіріп Дәуітке жауабын берді. Содан Жаратқан Ие періштеге әмір етіп, ол семсерін қынабына салып қойды. Дәуіт Жаратқан Иенің ебустік Орнаның қырманында өзіне жауап бергеніне көз жеткізген соң, сол жерде тағы да құрбандықтар шалды. Исраил халқы иен даланы кезіп жүрген ежелгі кезде Мұса пайғамбар Жаратқан Иеге арнап кездесу шатырын және құрбандық үстелін жасатқан болатын. Енді сол шатыр мен құрбандық үстелі Гибеон қаласының биіктеу жерінде орнатылған еді. Сонымен Сүлеймен Иерусалимдегі Мория төбесінде Жаратқан Иенің киелі үйінің құрылысына кірісті. Бұрын ебустік Орнанның астық бастыратын қырманы болған сол жерде Дәуітке Жаратқан Ие аян берген еді. Содан Дәуіт бұл орынды ғибадатхана салуға дайындап қойған болатын.
Выбор основного перевода