Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1. Паралипоменон
Параллельные места
Осы бұйымдардың көп болғандығы сонша, Сүлеймен олардың салмағын өлшемей-ақ қоя салды. Құйылған қоланың салмағын ешкім анықтаған жоқ. Ал енді, мен жан сала ұмтылып Жаратқан Иенің киелі үйі үшін жүз мың ат басындай алтын, мың рет мың ат басындай күміс, сансыз көп мөлшерде қола мен темір әрі ағаш пен тас та жинап, дайындап қойдым. Соларға өзің де қосарсың. Қолымдағы барыммен өзімнің сиынатын Құдайымның киелі үйіне қажет заттарды дайындап қойдым. Түрлі бұйымдар үшін алтын, күміс, қола, темір, ағаш дайын. Сонымен қатар көмкерілген әшекейлерге арнап оникс және басқа да әдемі, түрлі түсті тастарды, асыл тастардың алуан түрлерін және көп мөлшерде мәрмәр тасын жинап қойдым. Олар Құдайдың киелі үйінің құрылысына арнап бес мың ат басындай алтын мен он мың алтын теңге, он мың ат басындай күміс, он сегіз мың ат басындай қола және жүз мың ат басындай темір бағыштады.
Выбор основного перевода