Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сендер Құдайларың Жаратқан Ие өздеріңе табыстап отырған елге еніп, оны иемденіп, сонда орнығасыңдар. Егер содан кейін: «Айналамыздағы барлық халықтар сияқты, біз де өзімізге патша тағайындағымыз келеді!» десеңдер, онда міндетті түрде Құдай Иенің таңдаған адамын ғана патша етіңдер! Ол жат жұрттық емес, өз халқыңнан шыққан бауырластарың болсын. Алайда халық Самуилдің айтқандарын тыңдағысы келмей:— Жоқ, өз патшамыз болсын! Сонда біз де басқа халықтар сияқты боламыз. Патшамыз бізге билік жүргізіп, алдымызда бізді бастап жүріп, соғыстарымызды жүргізетін болады, — деп тұрып алды. Сенің патшаң қайда екен? Ол сені күллі қалаларыңда құтқарып алсын! «Маған патша мен әміршілер бер!» деген едің. Енді сол билеушілерің қайда жүр? Халық өздерінде патша болуын сұрағанда, Құдай оларға қырық жылға Бунямин руынан шыққан Қиш ұлы Саул деген жігітті берді.
Выбор основного перевода