Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Патшаның өзіне жылқыны көптеп ала беруіне болмайды, әрі соларын көбейту үшін халықты Мысырға қайтуға жұмылдырмауға тиіс. Себебі Жаратқан Ие сендерге: «Сол жолмен ешқашан қайтып бармауларың керек» деп бұйырған еді ғой. Саулдың кезінде філістірлермен кескілескен соғыс толассыз жүріп жатты. Сол себепті Саул мықты да қайратты жігіттерге кездессе, оларды өз жасағына қосып алатын. Осыдан кейін Абессалом өзіне соғыс күймесін, оған жегілетін аттар және алдында жүгіріп жүретін елу адамды жинады. Сол кездері Дәуіттің Аггит деген әйелінен туған ұлы Адониях «Енді патша болатын менмін!» — деп кеудесін көтеріп жүрді. Ол өзіне соғыс күймелері мен аттарды және өзінің алдында жүгіріп отыратын елу адамды жинап алды.
Выбор основного перевода