Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
онда сақ бол. Жаратқан Ие далада жүрген малдарыңа қол салып, жылқыларың, есектерің, түйелерің, мүйізді ірі қараларың және қой-ешкілерің өте жаман індетке ұшырайтын болады! Жаратқан Ие сендерге мысырлық шиқандарды: іріңді жара, қатерлі ісік, қышыма-қотырды жаппай жұқтырып, солардан жазыла алмайсыңдар. Мұны көрген Азот халқы: «Исраилдің Тәңірінің сандығы бұл жерде қалмауға тиіс! Өйткені олардың Тәңірі бізді де, өз тәңіріміз Дагонды да қатты жазалап отыр», — деді. Олар кісілерін жұмсап, філістірлердің барлық әміршілерін шақыртып алып: «Өзіміздің де, халқымыздың да құрып кетпеуі үшін Исраилдің Құдайының сандығын осы жерден өз мекеніне қарай жіберіңіздер!» — деп өтінді. Ажал бүкіл қала халқын қатты үрейлендірді, себебі Құдайдың құдіретті қолы оларды қатты жазалап жатты. Ісіктердің және елдеріңді ойрандап жатқан тышқандардың алтын мүсіндерін жасатып, Исраилдің Құдайының даңқты ұлылығын мойындаңдар! Мүмкін, Ол сонда өздеріңді, тәңірлерің мен елдеріңді осылай ауыр жазалауын доғарар. Себебі күні-түні Сенің қолыңЗілдей боп үстімде жатты менің.Сол кезде жаздың аптабы семдіргенКөк шөпке ұқсап солып қалдым мен. Енді, міне, Иеміз саған құдіретті қолын созып, сен соқыр болып, бірталай уақыт күн сәулесін көрмей қаласың!»Сол сәтте сиқыршыны қалың тұман мен қара түнек басты. Ол қолынан ұстап жетектейтін адам іздеп, сипаланды да қалды.
Выбор основного перевода