Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сол кезде Жаратқан Иенің құдіретті қолы Азот пен оның айналасындағыларды қатты жазалап, кесел жіберіп, денелеріне шиқанды ісіктер қаптатып азаптады. Сонымен олар хабаршыларын жіберіп, філістірлердің барлық әміршілерін шақырып алдыртты. Олардан:— Исраилдің Құдайының сандығымен не істейміз? — деп сұрады. Әміршілер:— Исраилдің Құдайының сандығын Ғатқа жөнелту керек, — деп шешті де, оны сол жаққа апарғызды. Бірақ Келісім сандығы Ғат қаласына келгенде, Жаратқан Иенің құдіретті қолы оны да қатты жазалап, абыржытты. Жас демей, кәрі демей, Жаратқан Ие қаланың тұрғындарының бәріне бірдей індет таратты. Содан оларға жаппай шиқанды ісіктер шыға бастады.
Выбор основного перевода