Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1. Царств
Параллельные места
Філістір әскері жиналып, Шунемге аттанып барып, сол жерге қостарын тікті. Саул да Исраилдің барлық ер адамдарын жинап алып, олар Гелбуе қыратына орнықты. Сонда жігіт былай деді:— Мен кездейсоқ Гелбуе қыратына барған едім. Қарасам, Саул сол жерде найзасына сүйеніп отыр екен. Жаудың соғыс күймелері мен атты әскері ентелеп, жетіп-ақ қалыпты. Уа, Гелбуе таулары, үстеріңеЕнді қайтып ешқашан шық түспесін,Лайым жаңбыр да жаумасын жеріңе,Егістіктерің еш өнім бермесін!Өйткені өз қыраттарыңда қор болдыҚуатты жауынгерлердің қалқандары,Енді қайтып Саулдың да қалқаныЕш майланып-сыланбайтын болады. Содан Дәуіт барып, Ғилақадтағы Ябес қаласының адамдарынан Саул мен оның тұңғышы Жонатанның сүйектерін сұрап алды. Себебі Саулды Гелбуеде өлтірген күні філістірлер оның денесін Бет-Шанға апарып, қала алаңында іліп қойған болатын. Бірақ Ғилақадтағы Ябестің адамдары екеуінің мәйіттерін ілулі тұрған жерінен жасырын түрде шешіп алып, қалаларына әкелген еді.
Выбор основного перевода