Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сонда Ешуа Ефунне ұлы Халепке батасын беріп, оған мұралық меншік ретінде Хеброн қаласын табыстады. Сол заманнан бері күні бүгінге дейін Хеброн қаласы Кенез ұрпағы Ефунне ұлы Халепке тиісті. Себебі ол Исраилдің Құдайы Жаратқан Иеге шын жүректен адал болған еді. Хеброн қаласы бұрын Анақ ұрпақтарының ішіндегі Арба деген ең алып адамның атымен Кирият-Арба деп аталатын.Осылайша соғыс бітіп, елде тыныштық орнады. Олар Хебронда тұратын қанахандықтармен де шайқасып, Шешай, Ахиман және Талмайды жеңді. Хебронның бұрынғы аты Кирият-Арба болатын. Осыдан кейін Дәуіт Жаратқан Иенің еркін білу үшін Одан:— Яһуданың қалаларының біріне өрлеп баруым керек пе? — деп сұрады. Жаратқан Иенің жауабы мынау болды:— Иә, сол жерге бар!— Қайсысына барайын? — Жаратқан Ие:— Хебронға! — деп бұйырды. Сонымен Дәуіт екі әйелі: ізрелдік Ахиноғам мен кәрмелдік Набалдың жесірі Әбигелді ертіп алып, сол жаққа көшіп барды. Дәуіт қасында жүрген адамдарын да отбасыларымен бірге ілестіріп, бәрі Хебронның өзіне және маңындағы қалашықтарға қоныстанды. Сонда Яһуда руының адамдары келіп, Дәуітке май жағу рәсімін жасап, оны Яһуданың патшасы етіп тағайындады.«Ғилақадтағы Ябестің тұрғындары Саулдың мәйітін қабірге қойыпты» деген хабар Дәуітке жетті. (Саул патшаның соңы былай болды:) Бірде філістірлер Исраилдің жасағына қарсы соғысқанда, исраилдіктер олардан қашып, көбі Гелбуе тауында қаза тапты. Філістірлер Саул мен оның ұлдарының соңына түсіп, ақыры ұлдары Жонатан, Әминадап, Мәлхисуаны өлтірді. Саулдың айналасындағы шайқас қатты күшейе түсті. Садақшылардың жебелері дәл тиіп, оны ауыр жарақаттады. Саул өзінің қару-жарақ тасушы нөкеріне: «Семсеріңді суырып, маған сұғып ал! Мына құдайсыздар келіп, маған білгендерін істеп масқара қылмасын!» — деп бұйырды. Бірақ нөкері қатты қорқып, бұны істеуден бас тартты. Сонда Саул өз семсерін суырып алып, оны өзіне қаратып үстіне құлап түсті. Қару тасушы нөкері Саулдың мерт болғанын көргенде, ол да дәл солай өзін-өзі өлтірді. Осылайша бір-ақ күнде Саул мен оның үш ұлы да қаза тауып, Саулдың әулеті түгелімен дерлік құрып кетті. Ізрел аңғарындағы күллі исраилдіктер Исраилдің жасағының қашқанын әрі Саулдың ұлдарымен қоса мерт болғанын білгенде, олар тұрып жатқан қалаларын тастап, қаша жөнелді. Ал філістірлер келіп, сол қалаларға қоныстанып алды. Келесі күні філістірлер қаза тапқандарды тонауға келгенде, Гелбуе тауында өліп жатқан Саул мен оның үш ұлының мәйіттеріне тап болды. Жасақшылар Саулдың сауытын сыпырып, басын шауып алды әрі барлық қару-жарағын иемденді. Осы хабарды бүкіл філістір еліне, олардың табынатын жалған тәңірлерінің мүсіндеріне және халық арасына тарату үшін шабармандарын жіберді. Філістірлер Саулдың қару-жарағын тәңірсымақтарының ғибадатханасына сақтап қойып, басын Дагон есімді жалған тәңірдің ғибадатханасының ішіне іліп қойды. Бірақ (кезінде Саул жаудың зұлымдығынан құтқарып алған) Ғилақадтағы Ябес қаласының күллі тұрғындары філістірлердің Саулға істеген бүкіл қорлығы туралы естіді. Қаланың мықты деген ер азаматтарының бәрі де жолға жиналып, (Бет-Шан қамалына барды. Сонда) олар Саул мен оның ұлдарының мәйіттерін қолға түсіріп, Ябеске алып келді. Содан олар сүйектерін Ябесте бір үлкен ағаштың түбіндегі қабірге қойып, жеті күн бойы ораза ұстап, мерт болғандарды жоқтады.
Выбор основного перевода